ШҚО-да алдағы үш күнде қар көшкіні жүруі мүмкін
ДЧС ВКО
Құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін тексеруге кеңес береді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шығыс Қазақстан облысында алдағы 3 күнде қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.
ШҚО төтенше жағдайлар баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 19-22 желтоқсан аралығында өңірде қар көшкіні жүру қаупі бар.
«Метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне, жиі қар жаууына және желдің күшеюіне байланысты облыстың таулы жерлерінде қар көшкіні түсуі ықтимал. Осы ретте, тұрғындарға барынша абай болуды, ешбір жағдайда тауға шықпау қажеттігін ескертеміз. Егер қандай да бір қиындыққа тап болсаңыздар бірден «112» нөміріне қоңырау шалыңыз», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Сондай-ақ құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
06.11.2026 08:10
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
06.11.2026 10:34