Түркістан облысында бәйшешек гүлдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Әлеуметтік желі қолданушылары Түркістан обьлысында қаңтар айында бүрін жарған бәйшешектің суретін бір-бірімен бөлісуде. Күнгейліктер үшін бұл таң емес, деп жазады otyrar.kz.
Қақаған аязымен қалтыратуы тиіс қаңтар айы биыл біртүрлі мінез танытып тұр. Ауа температурасы +14 градусқа дейін көтерілген. Сол себептен де көктем жаршысы бәйшешек гүл жарып үлгерген.
Биыл расымен де, Түркістанда ауа райы сан құбылып тұр. Қаңтарда көктемдегідей төпеп жаңбыр жауып, селдеткен. Жаңа жылдың алдында ғана бір рет қар жауып жұртшылықты қуантып қойып еді. Алайда, жердің бетін аз-маз жапқан қар ертесіне-ақ еріп кетті. Ауа райын болжаушылар әлі біраз уақытқа дейін күн жылы болады деп отыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10