Ауа райы болжамы: еліміздің бірқатар өңірінде нөсер жауып, найзағай ойнайды

16.07.2023 16:05

Кей аймақтарда 36 градусқа дейін ыстық болады

inform.kz

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 16 шілдеде еліміздің бірнеше өңірінде 36 градусқа дейін ыстық болатынын, кей өңірде нөсер жауын мен бұршақ жауып, найзағай ойнайтынын болжады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Астана

Астана қ.: 16 шілдеде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с. 16 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысы

16 шілдеде Батыс Қазақстан облысының батысында солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. 16 шілдеде облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Орал қ.: 16 шілдеде түнде қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысы

16 шілдеде түнде Атырау облысының солтүстігінде, батысында, күндіз солтүстігінде, шығысында найзағай, қатты дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде 15-20, күндіз кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. 16 шілдеде облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Атырау қ.: 16 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с.

Қарағанды облысы

16 шілдеде күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі. 16 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қарағанды қ.: 16 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысы

16 шілдеде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 16 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі. 

Көкшетау қ.: 16 шілдеде түнде және таңертең найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысы

16 шілдеде Абай облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде күші 15-20, екпіні 25 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. 16 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Семей қ: 16 шілдеде күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 16 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ұлытау облысы

16 шілдеде күндіз Ұлытау облысының басым бөлігінде 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. 16 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Жезқазған қ.: 16 шілдеде күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. 16 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысы

16 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде күші 15-20, екпіні 25 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. 16 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Өскемен қ: 16 шілдеде күндіз батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с. 16 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысы

16 шілдеде түнде Костанай облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. 16 шілдеде облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысы

16 шілдеде түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай, облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 16 шілдеде облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Петропавл қ.: 16 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысы

16 шілдеде Түркістан облысының тау асуларында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. 16-18 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Шымкент қ.: 16-18 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Түркістан қ.: 16-18 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысы

16 шілдеде Қызылорда облысында жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. 16-17 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қызылорда қ.: 16-17 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысы

16 шілдеде таңертең және күндіз Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. 16 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Ақтау қ.: 16 шілдеде таңертең және күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. 16 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысы

16 шілдеде түнде Ақтөбе облысының солтүстік жартысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстік жартысында найзағай күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында, күндіз оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. 16-17 шілдеде облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Ақтөбе қ.: 16 шілдеде найзағай күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 16 м/с.

Павлодар облысы

16 шілдеде Павлодар облысының солтүтігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың басым бөлігінде 15-20, күндіз облыстың шығысында екпіні 23 м/с. 16 шілдеде Павлодар облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Павлодар қ.: 16 шілдеде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз 15-20 м/с. 16 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысы

16 шілдеде Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында батыстан жел соғады, күші 17-22, екпіні 28 м/с күтіледі.