Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, бұршақ жауады

09.08.2021 16:07

Республиканың батысы мен оңтүстік-батысында 45 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі

Фото: ашық дереккөзден

Қазгидромет 10-12 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv

Орталығы Сібірдің батысында орналасқан циклон және онымен байланысты фронтальды бөлімдер, елдің солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарына әсерін сақтайды. Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. 

Бұл аймақтардағы температура фоны түнде 8-15 градус, ал күндіз 17-22 градусқа дейін жылы болады. Республиканың қалған аумағында кең антициклон құрғақ және шуақты ауа-райын қамтамасыз етеді. Республиканың батысы мен оңтүстік-батысында 45 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.