|
30.03.2022 | 11:10
528

6 өңірде республикалық маңыздағы жолдар әлі жабық

Жолдардың жабылуына ауа райының қолайсыздығы (көктайғақ, қатты жел, боран салдарынан жолдың дұрыс көрінбеуі) себепкер болып тұр

6 өңірде республикалық маңыздағы жолдар әлі жабық sn.kz

Ауа райын байланысты еліміздің 6 өңірінде ремпубликалық маңыздағы жолдар әлі жабық тұр, деп хабарлайды Almaty.tv «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жолдардың жабылуына ауа райының қолайсыздығы (көктайғақ, қатты жел, боран салдарынан жолдың дұрыс көрінбеуі) себепкер болып тұр. Қазіргі таңда Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Солтүтсік Қазақстан, облыстарында республикалық маңыздағы жолдар жабық. Барлығы 40-тан астам учаске жабылған», - делінген хабарламада.

Республикалық маңызға ие жолдардағы жағдай туралы жедел ақпаратты «ҚазАвтЖолдың» сайтынан (https://ru.qaj.kz/s/) көруге болады.

«Ұзақ жолға шықпай тұрып ауа райының мәліметтерін тексеріп, жағдайдың жақсаруын кұту маңызды. Ауа райының қолайсыздығы туралы хабарламаларды елеусіз қалыдрмауды сұраймыз. Қазір күшетйілген жұмыс режимі қосылды. Штаттан тыс жағдай туындаған жағдайда 1403нөміріне хабарласыңыз», - деп жазылған баспасөз хабарламада.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир