|
18.11.2023 | 11:10
9065

Көктайғақ пен тұман: 18 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Кейбір аудандарда қолайсыз ауа райы болады

Көктайғақ пен тұман: 18 қарашаға арналған ауа райы болжамы Сурет: elements.envato.com

Павлодар облысы

Павлодар қ.: 18 қарашада оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

18 қарашада Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ, түнде және таңертең солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Орал қ.: 18 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақмола облысы

18 қарашада күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 18 қарашада күндіз кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Қарағанды облысы

18 қарашада Қарағанды облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, кей уақытта екпіні 23-28 м/с күтіледі. Қарағанды қ.: 18 қарашада оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысы

18 қарашада түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысы

18 қарашада түнде Ақтөбе облысының орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтітелі. Облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады облыстың оңтүстігінде, орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысы

18 қарашада Атырау облысының батысында, орталығында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Атырау қ.: 18 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда облысы

18 қарашада Қызылорда облысында жел батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, орталығында 23 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 18 қарашада жел батыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Петропавл қ.: 18 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Абай облысы

18 қарашада Абай облысының батысында жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с

Ұлытау облысы

18 қарашада Ұлытау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, кей уақытта екпіні 23-28 м/с күтіледі. Жезқазған қ.: 18 қарашада оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с күтіледі.

Түркістан облысы

18 қарашада күннің соңында Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20, облыстың тау асуларында екпіні 25 м/с. Шымкент қ.: 18 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 18 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысы

18 қарашада Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың оңтүстік-батысында кей уақытта 30 м/с және одан да аса күтіледі. Тараз қ.: 18 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, күндіз кей уақытта 30 м/с және одан да аса күтілед

Оқи отырыңыз: Алматыда 20-26 қараша аралығында ауа райы қандай болады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир