Алматының оңтүстік-шығысында тағы да жер сілкінді

11.04.2024 16:14

Сейсмологтар мәліметінше, жерасты дүмпулері 10 сәуірде сағат 23:53-те болған

elements.envato.com

ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық орталығы" мамандары Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай Қытайда тағы екі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Сейсмологтар мәліметінше, жерасты дүмпулері 10 сәуірде Алматы уақытымен 23:53-те және 11 сәуірде Алматы уақыты бойынша 05:42-де болған. Бірінші жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 487 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Екіншісі – Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 490 шақырым жерде Қытайда.

"MSK-64 шкаласы бойынша: Қазақстан Республикасы аумағында сезілген жоқ", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 10 сәуірде сағат 19:56-да Қытайдың дәл осы аймағында магнитудасы MPV 6,0 болатын жер сілкінісі болды. Алматыда жер сілкінісі 2 балл, Кеген және Райымбек аудандарында 3 балдық күшпен сезілді.

Оқи отырыңыз: Алматылық травматологтар жас қыздың қол сүйегін қалпына келтірді