Автожолдарда 337 техника мен 636 маман жұмыс істеп жатыр
Ауа райының бұзылуына байланысты 3 өңірде жол учаскелері жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
KazAvtoJol мәліметінше, 10 ақпан күні сағат 10:00-дегі ақпаратқа сәйкес 3 облыста қар, боран және жолдың нашар көрінуіне байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Автожолдарда 337 техника мен 636 маман жұмыс істеп жатыр.
Алматы облысында – 2 учаске:
- тіркемелі, жартылай тіркемесі бар жүк автокөліктері үшін «Алматы-Өскемен» тасжолы, Қонаев-Шеңгелді учаскесі;
- автокөліктің барлық түрі үшін «Алматы-Шелек-Қорғас» тасжолы Байсейіт- Қорғас арасы;
Жамбыл облысында – 1 учаске:
- көліктің барлық түрі үшін «Алматы-Ташкент-Термез» тасжолы, Кенен-Благовещенка арасы, (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады)
Жетісу облысында – 2 учаске:
- тіркемелі және жартылай тіркемесі бар жүк автокөліктері үшін «Алматы-Өскемен» тасжолы, Шеңгелді-Қарабұлақ арасы;
- «Алматы-Өскемен» тасжолы, Қарабұлақ-Үшарал арасы.