|
10.10.2022 | 11:21
1271

Алматы облысында алғашқы қар жауды

Көлік қозғалысына шектеу енгізілген жоқ, жолда қауіпсіздік қамтамасыз етілді

Алматы облысында алғашқы қар жауды стоп кадр

Бүгін Алматы облысында республикалық маңызы бар «Кеген-Нарынқол» автожолы аумағына қар түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.

Компанияның жол қызметі учаскені тазарту бойынша жедел шаралар қабылдады.

«Қар тазалау жұмыстарына 3 арнайы техника мен 5 адам жұмылдырылды», - деп жазылған хабарламада.

Көлік қозғалысына шектеу енгізілген жоқ, жолда қауіпсіздік қамтамасыз етілді.

Еске сала кетсек, қытымыр қыстың алғашқы қары қараша айында жауады. Ал бабаларымыз табиғаттың қазіргі құбылысына қатысты «Қазанның қарынан суырдың інінің аузында ұлтарақтайы қалса, қыс ұзаққа созылады» деген болжам жасаған. Демек, қазан айының ортасында жауған мына бір сәттік қар жер бетінде ұзақ жатпай, түгел еріп кетеді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир