Еліміз бойынша 30 шілдеге арналған күн райы болжамы жарияланды

30.07.2023 16:29

Болжамға сәйкес, Қазақстанда тұрақсыз ауа райы сақталады

ru.wallpaper.mob.org

«Қазгидромет» РМК 30 шілдеге арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ауа райы болжамына сәйкес, Қазақстанда тұрақсыз ауа райы сақталады.

«Атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен Қазақстан Республикасының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Қазақстан Республикасының батысында шаңды дауыл күтіледі. Тек республиканың оңтүстігінде күн райы жауын-шашынсыз болады, республика бойынша жел күшейеді болжанды», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Күндіз Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде 35-42°С аптап ыстық болады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде күндіз 42°С өте қатты ыстық болады.

Алматы, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Павлодар облыстарының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі бар деп болжанды.

Атырау облысының шығысында жоғары өрт қаупі, батыста және солтүстікте өте жоғары өрт қаупі бар.

Ақмола облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, батыста және оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады.