Қазақстанға 25 градусқа дейін аяз келеді

03.01.2024 16:29

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Artem Sapegin / Unsplash

Синоптиктер Қазақстанда 2024 жылдың 4-6 қаңтарына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Синоптиктердің болжауынша, жауын-шашын: негізінен қар, боран, көктайғақ, екпінді жел түрінде болады.

"Тек елдің оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Синоптиктердің хабарлауынша, республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде ауа температурасы түнде 0-13°-тан -5-25°-қа дейін ауытқиды деп күтілуде.