|
25.11.2023 | 11:31
10188

Тұман, көктайғақ, жел: 25 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі

Тұман, көктайғақ, жел: 25 қарашаға арналған ауа райы болжамы Сурет: elements.envato.com

Ұлытау облысы

25 қарашада Ұлытау облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 18 м/с күтіледі.

Қарағанды облысы

25 қарашада түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды қ.: 25 қарашада көктайғақ күтіле

Батыс Қазақстан облысы

25 қарашада түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 25 қарашада түнде көктайғақ күтіледі.

Маңғыстау облысы

25 қарашада Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады облыстың батысында, солтүстік-шығысында 15-20, кей уақытта екпіні 23 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 25 қарашада оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысы

25 қарашада Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе қ.: 25 қарашада көктайғақ күтіледі. Түнде бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысы

25 қарашада Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

25 қарашада күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, түнде облыстың шығысында, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ.: 25 қарашада көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Астана

25 қарашада түнде және таңертең тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысы

25 қарашада түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 25 қарашада жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

25 қарашада түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Өскемен қ.: 25 қарашада оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Абай облысы

25 қарашада түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Семей қ.: 25 қарашада оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысы

25 қарашада түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 25 қарашада түнде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с күтіледі.

Түркістан облысы

24-25 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

Оқи отырыңыз: Жаңбыр, көктайғақ, қатты жел: 24 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир