Қазгидромет 7 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Нұр-Сұлтан қаласында күн күркіреп, желдің күші 20 м/с дейін күшейеді. Ақмола облысының солтүстігінде күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Өңірдің солтүстігінде, оңтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады.
Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с артады.
Көкшетау қаласында кей уақытта қатты жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ болады. Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с екпінде жел тұрады.
Өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с артады. Павлодар қаласында күндіз найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күшейетіні күтіледі.