Алматыда пәтерден әйел мен екі баланың денесі табылды
Almaty.tv
Сот-медициналық сараптама тағайындалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда тұрғын үйлердің бірінің пәтерінен әйел мен екі баланың денесі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 6 тамыз күні жедел басқару орталығына «Мамыр» шағынауданындағы пәтерлердің бірінен 34 жастағы әйел мен оның 2015 жылғы және 2020 жылы туған балаларының денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.
«Материалды жинаудың толықтығын қамтамасыз ету және адамдардың өлімінің мән-жайын анықтау мақсатында тергеу-жедел тобы шықты. Оқиға орнына келген полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров тергеу барысын өз бақылауына алды», - деп хабарлады ведомстовадан.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
18 қыркүйекке арналған валюта бағамы
18.09.2026 09:00
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
19.09.2026 08:06
Күзгі шай: денсаулық пен көңіл-күйді көтеру жолы
19.09.2026 14:40
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
19.09.2026 21:25