Дауыл тұрып, жаңбыр жауады: 16 тамызға арналған ауа райы болжамы

фото из открытых источников
фото из открытых источников
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздің басым бөлігінде дауыл тұрып, бұршақ жауады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.


Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде дауыл тұрып, жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Қарағанды облысының кей жерлерінде дауыл соғады.

Түркістан, Алматы, Қызылорда облыстарының бірқатар аймақтарында жел екпіні15-25 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады.

Қостанай облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе, Ақмола облысының батысында, Павлодардың облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.




Новости партнеров