Қазақстанның алты облысында дабылды ескерту жарияланды

10.11.2019 16:36

Синоптиктердің болжамынша, ертең бірқатар өңірде қатты жел тұрып, көктайғақ болады, бұрқасындатады, тұман түседі

Sputnik

"Қазгидромет" РМК елорда мен алты облыста дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

10 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында көктайғақ болады, түнде және таңертең бұрқасындатады, күндіз тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-шығысқа ауысып, екпіні 15 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ, бұрқасын. Түнде және таңертең оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, кейбір аймақта желдің күші 15-20 м/с дейін барады.

Қостанай облысының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ. Түнде бұрқасындатып, солтүстіктен, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысында ауа райы жауын-шашынды, негізінен қар жауады. Бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан cоққан желдің бағыты солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел тұрады.

Түркістан облысында да жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

10-12 қараша күндері Қызылорда облысында 15-20 м/с жел соғады деп болжанып отыр.