Чирюкин 588 ұпай жинап, Азия чемпионы атанды
Дохада нысана көздеу мен стенд атудан лицензиялық Азия чемпионаты өтіп жатыр. Никита Чирюкин ел қоржынына кезекті жүлдені салды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Чирюкин 588 ұпай жинап, Азия чемпионы атанды. Ол осы көрсеткішімен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының рекордын жаңартты. Аталған сайыста қытайлық Джиахао Сао күміспен күптелсе, оңтүстік кореялық Джеоюн Юн қолаға қол жеткізді.