Кей өңірлерде қатты ыстық болады
«Қазгидромет» РМК-сы 19 тамыз күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жетісу облысы
19 тамызда Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстын шығысында екпіні 15-20 м/с. 19 тамызда Жетісу облысының батысында жоғарғы өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысы
19 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде 35-36 градус қатты ыстық сақталады. 19 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 19 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысы
19-21 тамызда Қарағанды облысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Ұлытау облысы
19-21 тамызда Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Атырау облысы
19 тамызда күндіз Атырау облысында 35-38 градус қатты ыстық сақталады. 19 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 19 тамызда күндіз 35-37 градус қатты ыстық сақталады. 19 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысы
19 тамызда күндіз Ақмола облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 19-20 тамызда облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Көкшетау қ.: 19 тамызда күннің аяғында найзағай күтіледі. 19-20 тамызда жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда облысы
19-21 тамызда Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 19-21 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысы
19 тамызда Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі.
Ақтөбе облысы
19 тамызда күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында 37 градус қатты ыстық сақталады. 19 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қ.: 19 тамызда күндіз найзағай күтіледі.
Маңғыстау облысы
19 тамызда Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 19 тамызда күндіз найзағай күтіледі. 19 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысы
19-21 тамызда Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы қ.: 19-21 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаев қ.: 19-21 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысы
19 тамызда күндіз Қостанай облысының солтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 19 тамызда Қостанай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қостанай қ: 19 тамызда кешке найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысы
19 тамызда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. 19 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавл қ.: 19 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 19 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысы
19-21 тамызда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. 19-21 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 19-21 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.