Қарағанды облысында 30-ға жуық жолаушы қар құрсауынан құтқарылды

25.03.2023 16:44

Жолаушылардың бірі денсаулығына байланысты ауруханаға жеткізілді

www.gov.kz

Қарағанды облысында 30-ға жуық жолаушы қар құрсауынан құтқарылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қарағанды облстық ТЖД мәліметіне қарағанда, 25 наурызға қараған түні Қарағанды облысы Осакаров ауданында жергілікті маңызы бар «Приишимское ауылы - Шоқай кенті» тасжолының бойында жолаушылар мінген автобус қар құрсауында қалған.

Астана-Алматы бағытымен келе жатқан автобус Осакаровкадан 50 шақырым жерде тоқтаған. Оқиға орнына ТЖД күштері жіберілді. Өрт сөндіруші-құтқарушылар автобустан 28 адамды (оның ішінде 1 бала) Осакаровка ауылына жеткізді. Жолаушылардың бірі денсаулығына байланысты ауруханаға жеткізілді.