Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 266 шақырым жерде
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі таңғы сағат 8:52-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 266 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.2. MPV магнитудасы - 4.3. Жер сілкінісінің координаттары – 41,34° с.е. 78,74° ш.б. Тереңдігі - 10 км.
Қазақстан аумағында сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.
Оқи отырыңыз: Эверестке шығуға тұңғыш рет қазақ қызы дайындалып жатыр