«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv.
2025 жылғы 12 желтоқсанда сағат 07:00-де еліміздің бірнеше өңірінде республикалық маңызы бар жолдардағы қозғалыс қайта жанданды.
Алматы облысы
«Қонаев — Күрті» автожолының 0-67-шақырым аралығында барлық көлік түрі үшін жол ашық.
Қызылорда облысы
«РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1806-шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы — Қызылорда қаласы).
Ақтөбе облысы
«РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 1153-1240-шақырым аралығы (Ырғыз ауылы — Қызылорда облысының шекарасы).
Көлік қозғалысын шектеу
Ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, көрінудің төмендеуі) Жетісу облысында «Сарыөзек — Көктал» автожолының 40-68-шақырымында, Алтынемел асуы бағытында жүк және қоғамдық көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді.
Барлық көлік түрі үшін жабылған жолдар
Ауа райының қолайсыздығына байланысты келесі өңірлерде барлық көлік түрінің қозғалысы шектелді:
Жамбыл облысы
• «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының «Қордай асуының жаңа айналма жолы» учаскесі, 159-238-шақырым, Кенен ауылы — Қайнар ауылы аралығы. Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады.
Жетісу облысы
• «Сарыөзек — Көктал» автожолы, 0-68-шақырым, Сарыөзек кенті — Алтынемел асуы;
• «Үшарал — Достық» автожолы, 84-164-шақырым, Көктұма станциясы — Достық станциясы аралығы.
Абай облысы
• «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолы, 778-967-шақырым, Аягөз қаласы — Қалбатау ауылы.
Маңғыстау облысы
• «Доссор — Құлсары — Бейнеу — Сай-Өтес — Шетпе — Жетібай — Ақтау» автожолы, 338-642-шақырым, Бейнеу ауылы — Шетпе ауылы;
• «Форт-Шевченко — Таушық — Шетпе» автожолы, 91-161-шақырым, Таушық ауылы — Шетпе ауылы.
Алматы облысы
• «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолы, 2295-2380-шақырым, Қаншеңгел — Құрты ауылы;
• «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолы, 2380-2436-шақырым, Құрты ауылы — Ақсай ауылы.
Павлодар облысы
• «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолында «Қалқаман» транспорттық айналымына кіретін учаске жабылды.
Оқи отырыңыз: Алматылық құтқарушылар бір түнде 100-ге жуық адамды құтқарды