Алматылық құтқарушылар бір түнде 100-ге жуық адамды құтқарды

ТЖМ
ТЖМ

Барлық азамат қауіпсіз жерге жеткізілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында қар құрсауында қалған тұрғындар құтқарылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін түнде Еңбекшіқазақ және Іле аудандарының жабық жол учаскелерінде боран мен шектеулі көріну жағдайында ТЖМ құтқарушылары қар құрсауында қалған азаматтарды эвакуациялау бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді", — делінген хабарламада.  

Еңбекшіқазақ ауданында Космос — Базаркелді, Қырбалтабай — Ақжал және Бөлек — БАК автожолы бағыттарында ТЖМ құтқарушылары 45 адамды, сонымен қатар 20 жеңіл көлікті және бір жүк көлігін эвакуациялады.

Іле ауданында Қонаев — Құрты тасжолында қар құрсауында қалған 43 адам (оның біреуі бала) және 20 жеңіл автокөлік құтқарылды. Барлық азамат қауіпсіз жерге жеткізілді.

Сондай-ақ құтқарушылар Қырбалтабай және Қайнар ауылдарының арасында жеңіл көлікпен жол жиегіне шығып кеткен жүргізушіге көмек көрсетті. Қар қырсауында қалған ер адам жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияның жаңадан сайланған президентін құттықтады

 

Новости партнеров