Мамандар тамыз айындағы қауіпті күндер туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, тамызда үш күн магниттік дауыл болады.
1-2 тамыз аралығында 2 балдық атмосфералық шабуыл болады.
3-4 тамызда атмосфералық шабуыл деңгейі 3 балға жетеді.
4-18 тамыз аралығында 2 балл деңгейі сақталады.
18-29 тамызда шабуыл деңгейі төмендейді.
30 тамызда айтарлықтай атмосфералық шабуыл болады: деңгейі 3 балға жетеді.
31 тамызда шабуыл деңгейі 1 балға төмендейді.
Осылайша магниттік дауыл 3, 4 және 30 тамызда болады.
Магниттік дауылдар және олардың хал-жағдайға әсері жайлы белгілі. Бұл Күндегі жарқылдардың әсерінен пайда болатын Жердің магнит өрісінің бұзылуы. Бұл тербелістер байланыс жүйесі жұмысына, сондай-ақ барлық тірі ағзаларға, соның ішінде адам денсаулығына да жағымсыз әсер етеді.
Магниттік дауылдардың әсерін көбіне ауа райына тәуелді және созылмалы аурулары бар адамдар қатты сезеді. Бұл күндері көпшіліктің басы ауырады, қысымы көтеріледі және буындары ауырады.
Ресей ғылым академиясының ғарыштық зерттеулер институтының күн астрономиясы және гелиофизикалық аспаптар зертханасы мен Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің күн-жер физикасы институтының мәліметтері бойынша, шілде айы салыстырмалы түрде тыныш болады.
Магнитті дауылдың әсерін қалай азайтуға болады?
Ол үшін мына ережелерді сақтаңыз: