«Жаңбыр және қар жауады»: 12 қазанға арналған ауа райы болжамы

12.10.2019 17:06
24.kz

Қазақстанның басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады, солтүстікте және орталықта түнде жаңбыр, қар жауады. Оңтүстік және солтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, түнде оңтүстікте аяз болады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі  Қазгидромет РМК сілтеме жасап.

Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында түнде 1-3 градусқа дейін аяз болып, тұман түседі.

Қызылорда облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Алматы облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, секундына 15-20 метрге дейін жел күшейеді, түнде тұман түседі.

Атырау облысының басым бөлігінде тұман түсіп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында бірқатар аймақтарында күндіз тұман түсіп, түнде Ақмола облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді деген болжам бар.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі.

Қарағанды облысында тұман түсіп, түнде және таңертең күн күркірейді.

Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде найзағай ойнап, секундына 15-20 метрге дейін жел тұрады.

Түркістан, Қызылорда, Қарағанды облысының батысы мен оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында өрт қаупі сақталады.