Өскеменде қар жауды, деп хабарлайды Алтайньюс.
Қалада жаңбырдың соңы қарға ұласты. Ақ мамықтар тұтас басып қалмаса да, таң бозында біршама қапалақтады. Дәлірек айтсақ, таңғы сағат 7.00 шамасында жауып өтті.
«Шығыс Қазақстан облысында дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы 3-5 градусқа дейін төмендейді, күндіз 10-13 градус жылы болады», - деп жазылған «Қазгидромет» хабарламасында.