Қазақстанның екі облысында желдің екпіні күшейіп, бұрқасын болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Синоптиктердің мәліметінше 21 қаңтарда күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде қалың қар жауып, тұман түсіп, шығыстан 15-20 м/с жел тұрады.
«22 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының кей аймақтарында бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді», - делінген хабарламада.
Орал қаласында бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с желдің күшейуі күтіледі.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %.