45 градус ыстық болады: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

22.06.2022 22:43

Қызылорда, Түркістан облысының шөлді аудандарында 45 градус ыстық күтіледі

Photo: qazaly.kz

Алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде Солтүстік циклон шұңқырының өтуімен тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ortcom.kz сайтына сілтеме жасап.

23-24 маусымда республиканың оңтүстік-шығысында, ал 25 маусымда солтүстігінде және солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады.

Алдағы үш күннің ішінде Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облысының кейбір аймақтарында 40 градус ыстық болады. Ал, Қызылорда, Түркістан облысының шөлді аудандарында 45 градус ыстық күтіледі. 25 маусымда Жамбыл облысының оңтүстігінде 43 градус ыстық болады деп күтілуде.