Үш облыста дабылды ескерту жарияланды
Қазақстан аумағының басым бөлігіне әлі де антициклон ықпал ететіндіктен, ауа райы көбіне жауын-шашынсыз болады.
Тек батыс өңірлерде биік жыраның жылжуына байланысты жауын-шашын – жаңбыр, қар жауады. Оңтүстік аймақтардың кей жерлерінде жел күшейеді. Ал республиканың кей жерлерінде тұман түседі.
Атырау облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжануда.
Маңғыстау облысында кей жерлерде көктайғақ болып, оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Қызылорда облысында 29 қараша мен 1 желтоқсанда кей жерлерде тұман түседі. 29 қарашада таңертең және күндіз, 30 қараша мен 1 желтоқсанда тәулік бойы кей жерлерде солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.
Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, көктайғақ болады. Атырау облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Күндіз Жамбыл, таңертең және күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде тұман түседі.
Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, түнде және күндіз Қарағанды, түнде Алматы облыстарында тұман түседі.
Шымкентте жұмыс аптасының соңғы күні күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 2-4 градусқа дейін жылынады, түнде сынап бағанасы минус 2-4 градусты көрсетеді.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Күндіз ауа температурасы 3-5 градус суық, түнде 7-9 градус аяз болады.
Нұр-Сұлтанда синоптиктер ауа райы құбылмалы, бұлтты болады, жауын-шашын түспейді деп болжайды. Күндіз сынап бағанасы минус 10-12 градусқа дейін көтеріледі, ал түнде 14-16 градус аяз болады.