Синоптиктер 27 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Түркістан облысы
27 тамызда таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақытта найзағай, облыстың таулы аудандарында бұршақ. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, екпіні 23 м/с. Шымкент қ.: 27 тамызда кей уақытта найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 27 тамызда кей уақытта найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысы
27 тамызда түнде Қызылорда облысының батысында, орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың батысында, орталығында күші 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. 27 тамызда Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 27 тамызда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Жел батыстан соғады, күндіз 15-20 м/с күтіледі. 27 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысы
27 тамызда күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 27 тамызда облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 27 тамызда күндіз найзағай күтіледі.
Батыс Қазақстан облысы
27 тамызда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 27 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысы
27 тамызда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 27 тамызда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Алматы облысы
27 тамызда күндіз Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. 27 тамызда Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы қ.: 27 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні 15 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаев қ.: 27 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысы
27 тамызда күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 27 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: 27 тамызда кей уақытта найзағай күтіледі.
Атырау облысы
27 тамызда Атырау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында 15-20 м/с. 27 тамызда облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысы
27 тамызда Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. 27 тамызда жоғары өрт қаупі сакталады. Өскемен қ: 27 тамызда жоғары өрт қаупі сакталады.
Астана
27 тамызда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі.
Абай облысы
27 тамызда Абай облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. 27 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады. Семей қ: 27 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысы
27 тамыз 20 сағ. аралығы 27 тамызда түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 27 тамызда облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі күтіледі.
Ақмола облысы
27 тамызда Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Астана қ.: 27 тамызда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Көкшетау қ.: 27 тамызда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі.
Жетісу облысы
27 тамызда күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. 27 тамызда Жетісу облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қ: 27 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 27 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысы
27 тамызда түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. 27 тамызда облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысы
27 тамызда Қостанай облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с. 27 тамызда Қостанай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Жамбыл облысы
27 тамызда күндіз, 28 тамызда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 27-29 тамызда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, 27-28 тамызда екпіні 23-28 м/с күтіледі. 27-29 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 27-28 тамызда кей уақытта найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 27-29 тамызда күндіз екпіні 15-20 м/с, 27-28 тамызда кей уақытта 23 м/с күтіледі. 27-29 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.