12 ақпан сағат 11:40-тағы жағдай бойынша
Ауа райының бұзылуына байланысты осы уақытта екі өңірде автожол учаскелері жабық тұр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
12 ақпан сағат 11:40-тағы жағдай бойынша көліктің барлық түрі үшін мына жол учаскелерінде жол қозғалысына тыйым салынған:
Жамбыл облысында:
«Алматы-Ташкент-Термез» тасжолының Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейінгі аралығы;
Түркістан облысында:
«Алматы-Ташкент-Термез» тасжолының Жамбыл облысының шекарасынан Машат ауылына дейінгі аралығы.
Еске салайық, кеше Жамбыл облысында бораннан жолда қалған 68 адам құтқарылған болатын. Өңірде жедел желі іске қосылды.
Кейін Шымкент-Тараз бағытында жолдың ашылуын күтіп тұрған көліктер арнайы техниканың және жергілікті полицияның сүйемелдеуімен қозғалысын жалғастырды.