Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

27.02.2019 17:31

Синоптиктер 28 ақпан-2 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті

«Қазгидромет» РМК өкілдері 28 ақпан-2 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері ауа райы тұрақсыз болады.

«Республиканың солтүстік жартысында кей жерлерде қар, бұрқасын, көктайғақ болады деп болжанады. Оңтүстік жартыда жауын-шашын, арты қарға ұласатын жаңбыр, тұман, көктайғақ және күндізгі температураның плюс 5-тен плюс 18 градусқа дейін жоғарылауы мүмкін. Республиканың бүкіл аймағында ауа температурасы климаттық мәннен жоғары болады деп болжанады», – деді «Қазгидромет».