Ресейлік фотограф Андрей Тюшин Батыс Қазақстан облысында табиғаттың таңғажайып құбылысына куә болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Андрей Тюшин Instagram парақшасында мәлім еткендей, оқиға 23 сәуірден 24-іне қараған түні болған.
«Поляр шұғыласы туралы айтқанда, біз бірден Исландия, Финляндия, Ресейдің қиыр солтүстігі туралы ойлаймыз. Қазақстанды еске алмаймыз. Бірақ 23 сәуірден 24-іне қараған түні жерде қуаты орасан магниттік дауыл тұрып, поляр шұғыласын Қазақстанға дейін жеткізді! Маған бүгін түнде Оралдың (БҚО) оңтүстігіне қарай 30 шақырым қашықта Қазақстан даласындағы бірегей көрініс – Аврора биін тамашалау бақыты бұйырды», - деп жазды Андрей Тюшин парақшасында.
Ресейлік фотограф демалыс алып, Батыс Қазақстан облысына келген.