Алматыда қар жауып, күн суытады: көлік жүргізушілеріне нені ескерген жөн

05.10.2021 17:46

Жаяу жүргіншілер жолында көктайғақтық пайда болу мүмкіндігіне байланысты тротуарда жүргенде сақ болуға кеңес берді

inbusiness.kz

5-6 қазан күні және 7-сіне қараған түні Алматы қаласында жауын-шашын жауып, арты қарға ұласады.  Ауа температурасы 0, +4 градусқа дейін төмендеп, аздап көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Тұрғын үй саясаты басқармасына сілтеме жасап.

 Тұрғын үй саясаты басқармасы осыған байланысты автокөлік иелері жазғы дөңгелекті қысқы дөңгелекке ауыстырған жөн екенін ескертеді

"Жұмысқа кешікпеу үшін автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерді таңертең үйден ертерек шығуға қамдануын сұраймыз.

Жолдың жүру бөлігінде қатқан  мұздың пайда болу ықтималдығына байланысты жүргізушілерге жылдамдықты асырмай, көлік арасындағы қашық аралығын сақтап, маневрлер мен тежелулерден аулақ болуға, жаяу жүргіншілер жолында көктайғақтың  пайда болу мүмкіндігіне байланысты тротуарда жүргенде сақ болуға кеңес береміз" делінген хабарламада.