Аудан әкімдіктерінде жағдайды бақылау үшін кезекшілік ұйымдастырылды
Алматы қаласында 31 қазанда сағат 11:30-дан бастап жауған жаңбыр кешке дейін жауады деп болжанып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына сілтеме жасап.
Арық арқылы судың кедергісіз ағып кетуін қамтамасыз ету үшін 39 патрульдік бригада жұмылдырылды. Су тасқынының алдын алу және жою үшін барлығы 199 бірлік арнайы техника, 22 мотопомпа және 761 жұмысшы кезекшілікке шықты. 1850 қап құм жиналды.
Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел кезекшінің ақпаратынша, су тасқыны тіркелген жоқ.
Аудан әкімдіктерінде жағдайды бақылау үшін кезекшілік ұйымдастырылды. Алматы қаласындағы «Қазгидромет» РМК болжамынша, 31 қазан күні кешке дейін кей жерде орташа жауын-шашын мөлшері 12 мм, ауа температурасы бүгін күндіз +14 градус, түнде +6-ға дейін төмендейді. Ертең +12 градус болады.