Алдағы үш күнде республиканың бүкіл батыс жартысына батыс антициклон әсер етеді
Қазидромет синоптиктері 23-25 қаңтар аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алдағы үш күнде республиканың бүкіл батыс жартысына батыс антициклон әсер етеді.
Салдарынан жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады.
Ал елдің қалған аймақтары оңтүстік циклон және соған байланысты атмосфералық фронттар ықпалында болады.
Сондықтан қар аралас жаңбыр жауады. Көктайғақ, тұман және боран соғып, жел күшейеді.
Түнде елдің батысында ауа температурасы — 22-30 аязға дейін, солтүстік-батыста — 20-30 аязға дейін, солтүстікте, орталықта және шығыста — 7-18 аязға дейін әлсірейді.
Оңтүстікте минус 5 пен плюс 5 арасында болады, оңтүстік-шығыста температура 0-10 градус аязға дейін көтеріледі.