Алдағы үш күнде 43 градусқа дейін аяз болады

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Республика бойынша желдің күшейіп, тұман түседі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, 29-30 қарашада елдің шығыс аймақтарына суық солтүстік антициклон әсер етіп, аяз сақталады.

«Қазақстанның қалған аумағында аяз бәсеңдейді деп күтіліп отыр. 30 қараша – 1 желтоқсан аралығында елдің басым бөлігінде жауын-шашын әкелетін оңтүстік циклон күшеюі ықтимал, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады, ауа температурасы көтеріледі. Республика бойынша желдің күшейіп, тұман түседі. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ, солтүстікте, шығыста, орталықта боран болады деп күтілуде.

Ауа температурасы түнде елдің батысында 5-15 градус аяз, солтүстік-батыста 10-28 градус аяз, солтүстік өңірлерде 15-25 градус аяз, елдің орталығында 5-20 градус аяз, республиканың шығысында 33-43 градус аяз, кезеңнің соңында 20-30 градусқа дейін аяз сақталады. Оңтүстікте 7 градус аяз бен 3 градус жылының арасында, оңтүстік-шығыста 5-15 градустан 0-8 градус аязға дейін болады», - делінген хабарламада.

Новости партнеров