Алдағы үш күнде Қазақстанда ауа-райы күрт суытады

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
26 градусқа дейін төмендейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазгидромет мамандарының мәлімдеуінше, алдағы үш күнде Қазақстанда ауа-райы күрт суытады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Негізгі өзегі Самараның үстінде орналасқан солтүстік-батыс антициклоны Қазақстанның ауа-райына кері әсерін тигізеді.

«Кей жерлерде қар жауады делінгенімен, оның басымдығы оңтүстік пен оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда байқалады. Антициклон әсерінен түнде ауа температурасының төмендеуі солтүстік облыстарда 18-26 градусқа, ал оңтүстік облыстарда 5-15 градусқа дейін жетеді», –  дейді метеорологтар.

Республиканың кей жерлерінде тұман түседі. Елдің оңтүстігінде – көктайғақ, ал солтүстігінде бұрқасын болады.

Нұр-Сұлтанда түнде минус 15-17 градус, күндіз 10-12 градус аяз күтіледі.

Алматыда түнде минус 5-7, күндіз 2-4 градус.

Шымкентте түнде минус 5-7 градус, күндіз 1-3 градус.

Новости партнеров