|
29.03.2022 | 13:14
634

Еліміздің үш облысында жолдар жабылды

Мамандар төтенше жағдайда 1403 нөміріне хабарласу қажеттігін ескертті

Еліміздің үш облысында жолдар жабылды 24.kz

Үш облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.

Қарағанды облысында бүгін сағат 11.15-ден бастап Жезқазған–Петропавл тасжолының 65-252 шақырымдағы учаскесі – Жезді ауылынан бастап Қостанай облысының шекарасына дейінгі жолда көліктің барлық түрі үшін шектеу енгізілді.

Қостанай облысында сағат 11.30-да Жезқазған–Петропавл тасжолында Қарағанды облысының шекарасынан бастап Арқалық қаласына дейінгі жол учаскесі (252-340 шақырым) жабылды.

Ал Батыс Қазақстан облысында сағат 11.10-нан бастап Орал-Тасқала–Ресей Федерациясының шекарасы тасжолының 76-104 шақырымдағы учаскесі (Тасқала – Ресей шекарасы) бойынша көлік қозғалысы жабық.

"ҚазАвтоЖол" компаниясы жолдағы жағдайды тәулік бойы бақылайды. Мамандар төтенше жағдайда 1403 нөміріне хабарласу қажеттігін ескертті.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

жол
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир