|
16.10.2020 | 13:24
785

Осы демалыста күн суытады

Қазақстанның қалған аумағында күн жылы болады, жауын жаумайды

Осы демалыста күн суытады  Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер 17-19 қазан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Апта соңында республиканың басым бөлігі әлі де кең антициклонның ықпалында болады. Соның әсерінен жылы және жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. 

Тек елдің солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарына Обь өзенінің теңізге құйылған жерінен циклон келеді. Бұл циклон жауын-шашын жауғызып, желді күшейтеді. Сондай-ақ ауа температурасы одан әрі көтеріледі. 

Алайда 18 қазанда солтүстік-батыс антициклонының басып кіруінен кейін күн біршама суытады. Әсіресе е лдің солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарында ауа температурасы төмендейді. 19 қазанда бұл суық елдің орталығы мен шығысына жетеді. 

Ауа температурасының күрт төмендеуінен түнгі уақытта 0-8 градус аязға дейін, күндіз 5-15 градус жылы болады. Сонымен қатар кей жерлерде жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі, жолдарда көктайғақ күтіледі. 

Қазақстанның қалған аумағында күн жылы болады, жауын жаумайды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир