Елімізде республикалық маңызы бар 15 жол бөлігі жабылды

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
400 бірлік арнайы техника мен 520 жол жұмысшысы қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқарып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздің 4 өңірінде республикалық маңызы бар бірнеше жол учаскесі жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 15 учаскесінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.

«Ақтөбе (1 учаске), Ақмола (3 учаске), Солтүстік Қазақстан (8 учаске) және Қостанай (3 учаске) өңірлерінде республикалық маңыздағы жолдар жабылды», - делінген хабарламада.

Жоғарыда аталған өңірлердің аумағында орналасқан республикалық тасжолдарды күтіп-ұстаумен айналысатын жол қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшті.

Республикалық маңызы бар автожолдарда 400 бірлік арнайы техника мен 520 жол жұмысшысы қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқарып жатыр.

«Жолда штаттан тыс жағдай туындаса, 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалу керек», - делінген ұлттық оператор хабарламасында.

Новости партнеров