Алдағы күндері күн суытады

03.04.2020 18:35

Ауа райы болжамы алдағы үш күнге

Фото : pixabay.com

Синоптиктер 4-6 сәуірде Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оңтүстік циклонның Қазақстанның басым бөлігіне әсер етіп, салдарынан жауын-шашын жауатыны айтылады.

"6 сәуірде Атлантикалық циклон жауын-шашын, қатты жел мен ауа температурасының төмендеуін әкеледі", - дейді синоптиктер.