2019 жылдың 24 қарашасында түнгі 03.45-те басталған қар 25 қараша дүйсенбі кешке дейін қар жауады деп болжануда. Қар жамылғысының биіктігі сағат таңғы 09.00-де 3-5 см, ал тау бөктерінде 10 см-ге дейін жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Коммуналдық қызметтер қар жауғаннан бастап жолға тайғаққа қарсы материалдар себуде. Сағат 09.00-дегі жағдай бойынша қала аумағындағы жолдың жүру бөлігінің 95 пайызы тазаланып, тайғаққа қарсы 2160 тонна материалдар пайдаланылды.
Күндізгі уақытта 444 арнайы техника жұмылдырылып, артынан 534-ке дейін көбейтілді. Жол жұмысшыларының саны 1760 адамды құрады. 24 қараша күні күндізгі уақытта жалпы пайдалану орындары, атап айтқанда, тротуарларды, қоғамдық көлік аялдамаларын, жаяу жүргіншілер аймақтарын тазалауға ерекше көңіл бөлінеді.
Аудандық әкімдіктерде және қала әкімдігінде қарды жинау және шығару бойынша жұмыстардың жүргізілуін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.