|
24.11.2019 | 17:05
1448

Нұр-Сұлтанда жол апатынан 3 адам көз жұмды

Жол апаты 24 қараша күні сағат 06:45 кезінде Қабанбай даңғылының бойында болды

Нұр-Сұлтанда жол апатынан 3 адам көз жұмды

Нұр-Сұлтанда болған жол-көлік апатынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жол апаты 24 қараша күні сағат 06:45 кезінде Қабанбай даңғылының бойында болды.

«Алдын ала мәлімет бойынша, Мәңгілік ел даңғылына қарай Қабанбай батыр даңғылының бойымен жүріп келе жатқан ВАЗ-21099 маркалы автокөлік қарама-қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп, Toyota Camry маркалы көлікке соғылған. Ақырында ВАЗ автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі мен осы көліктегі 1997 және 1983 жылғы жолаушылар көз жұмды», - делінген Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, дене жарақатымен ВАЗ жолаушысы мен Toyota Camry жүргізушісі ауруханаға түсіп қалды. Жол-көлік оқиғасы фактісіне сәйкес, ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир