Таулы аймақтарда желдің екпіні 20 м/с дейін жетуі мүмкін
«Қазгидромет» РМК 2025 жылдың 28 қазанына Астана мен Қазақстанның 14 өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Астанада түнде және таңертең тұман түседі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман болады. Облыстың оңтүстік-батысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Қызылорда облысында ерекше жоғары өрт қаупі сақталады, ал облыстың солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Қызылорда қаласында да өрт қаупі жоғары деңгейде болады.
Жамбыл облысында таңертең және күндіз батыста, оңтүстікте және таулы аудандарда найзағай болады. Таулы аймақтарда желдің екпіні 20 м/с дейін жетуі мүмкін. Облыстың батысы мен солтүстігінде ерекше жоғары, ал орталығы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Таразда таңертең және күндіз найзағай, сондай-ақ жоғары өрт қаупі болжанып отыр.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында түнде және таңертең тұман болады. Облыстың батысы, солтүстік-шығысы және оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтауда түнде және таңертең тұман болады.
Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында таңертең және күндіз найзағай болжанады. Таулы аймақтарда желдің күші 20 м/с дейін жетуі мүмкін.
Оқи отырыңыз: Алматыда 27 қазан мен 2 қараша аралығында ауа райы қандай болады