Зілзала ошағы Қытай аумағында болды
Алматыда 2 ақпанда таңертең 3 рет жер сілкінді. Бұл туралы Сейсмология институты мамандары айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Сейсмикалық зерттеулер орталығы алғашқы дүмпуді сағат 7:14-те, екіншісін 8:00, ал үшіншісін жарты сағаттан кейін тіркеді. Қала тұрғындарына дүмпулер сезілген жоқ. Зілзала ошағы Қытай аумағында орналасты. Сейсмологтар афтершоктардан қауіп жоқ дейді.
Айта кетсек, мұның алдындағы дірілдер 1 ақпанда тіркелді. Алматы мен Талғар қалаларында 2 балдық күшпен сезілді.
- Сейсмологтар жер сілкінісін анықтауда классикалық әдістер бойынша жұмыс істейді. 1929-1930 жылдары ашылған бекеттерде қойылған сейсмикалық стансалар толық заманауи үлгіге алмастырылды, - дейді Сейсмология институты ЖШС директорының ғылым жөніндегі орынбасары Нұрсәрсен Өзбеков.
Оқи отырыңыз: Еліміздің қай өңірінде су тасқыны болуы мүмкін