Күндіз 13 желтоқсанда кей жерде солтүстік-шығыстан жел соғады
«Қазгидромет» РМК Қазақстанның 9 аумағында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Күндіз 13 желтоқсанда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20 м/с жетеді.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан, облыстарында тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады. Батыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20 м/с жетеді.
Ақмола облысында да ауа райы тұманды болады. 13-15 желтоқсанда Қарағанды облысының кей жерін тұман басады.
13 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерінде тұман болады. Шығыстан жел соғады, кей жерде желдің күші 15-20 м/с дейін жетпек.
Қызылорда облысының кей жерінде тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз 13 желтоқсанда кей жерде солтүстік-шығыстан жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.