|
24.04.2024 | 14:13
1628

Алматыда бірнеше күн бойы толассыз жаңбыр жауады

Ауа райының бұзылуына байланысты жүргізушілерге ағаштардың құлау қаупі мен электр желілерінің үзілуіне байланысты автомобильдерді жол жиегіне қоюға кеңес берілмейді

Алматыда бірнеше күн бойы толассыз жаңбыр жауады қала әкімдігінің баспасөз қызметі

24-28 сәуір аралығында Алматыда толассыз жаңбыр жауады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жауын-шашын кезінде мотопомпа, шанц құралдарымен жабдықталған 52 жедел мобильді бригаданың кезекшілікке шығады, 2,5 мың қап құм дайындалады.

Күндіз жауын-шашын кезінде барлығы 465 бірлік арнайы техника, 28 мотопомпа және 810 жұмысшы, ал түнгі уақытта 236 бірлік арнайы техника және 215 жұмысшы жұмылдырылады.

Судың кедергісіз ағып кетуін қамтамасыз етіп, су басудың алдын алу үшін 320 жұмысшы мен 92 бірлік арнайы техника арық желілерін, арық өткелдерін тазалау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізеді. Күн сайын арықтан 250 м3 лай және кездейсоқ қоқыс шығарылады.

Ауа райының бұзылуына байланысты жүргізушілерге ағаштардың құлау қаупі мен электр желілерінің үзілуіне байланысты автомобильдерді жол жиегіне қоюға кеңес берілмейді. Қала тұрғындары мен қонақтарына тауға бармауын сұраймыз. Су тасқынының алдын алу үшін тұрғындардан арық пен каналды қоқысқа толтырып, бітеп тастамауға шақырамыз.

Анықтама үшін:

«Қазгидромет» РМК болжауынша:

24 сәуір: көшпелі бұлт шығады, 3 мм-ге дейін өткінші жауын, оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады, күндіз ауа температурасы +23...+25°C болады.

25 сәуір: күн ала бұлтты, таңертең және түстен кейін 15 мм-ге дейін жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан 3-8 м/с жел, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 10...+12°, күндіз + 18...+20°C болады.

26 сәуір: көшпелі бұлт, түнде және таңертең 8 мм-ге дейін жаңбыр жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 10...+12°, күндіз + 16...+18°C болады.

27 сәуір: күн ала бұлтты, күндізгі сағат 15-тен 23-ке дейін 3 мм-ге дейін жаңбыр жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Термометр бағанасы түнде +8...+10°, күндіз +13...+15°C көрсетеді.

28 сәуір: көшпелі бұлт шығады. Батыс, солтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +7...+ 9°, күндіз + 13...+15°C болады.

Оқи отырыңыз: Алматы қаласы бойынша 22-28 сәуір аралығындағы ауа райы болжамы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир