Түркістан облысында дүлей дауыл әлі де басылмай тұр. Қатты соққан желден жарықсыз қалған тұрғын үй саны 3 мыңнан асты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бәйдібек пен Сауран ауданына жарық әлі берілмеген. Дегенмен желілерді жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Өңірдің 8 ауданы мен 3 қаласында ауа-райы қазір тұрақсыз. Бірнеше көшенің бойында ағаштар құлап, автокөліктерді басып қалған. Көшелерде көлік кептелісі көбейген. Жылдамдығы секундына 23-25 метрге дейін жеткен шаңды дауыл, ғимараттардың шатырын ұшырып, көпқабатты үйлердегі тақтайшаны жұлып түсірген.
Өңірдің 8 ауданы мен 3 қаласында ауа-райы қазір тұрақсыз. Бірнеше көшенің бойында ағаштар құлап, автокөліктерді басып қалған. Көшелерде көлік кептелісі көбейген. Жылдамдығы секундына 23-25 метрге дейін жеткен шаңды дауыл, ғимараттардың шатырын ұшырып, көпқабатты үйлердегі тақтайшаны жұлып түсірген
Табиғаттың тосын мінезінен Кентау қаласындағы барлық мектепте сабақ қашықтан оқуға көшіріліп, балабақшалар жұмысын уақытша тоқтатты. Базарлар мен сауда орталықтарының және халық көп шоғырланатын нысандар жұмысына шектеу қойылды. Қазір облыс аумағындағы аудан, қалалардың коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмысқа кіріскен. Аймақта шығын көлемі есептелуде. Синоптиктер мұндай ауа-райы ертеңге дейін сақталауы мүмкін деп болжап отыр. Сол себепті, тұрғындарға алыс жолға шықпауды сұрайды.
– Түркістан, Кентау қаласында және Бәйдібек, Созақ, Түлкібас ауданында 9 ғимараттың шатыры зақымдалып, жартылай және толық бұзылып, нәтижесінде 2725 текше метр шатыр бүлініп отыр. Түркістан облыстық ТЖД базасында жедел-штаб құрылып, барлық облыс аумағында орналасқан су айдындары мен гидро-техникалық құрылыстарға тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырлды, – деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Ерік Сарыбаева.