Тісжегіден сақтанудың ең тиімді жолы — ауыз қуысының күнделікті дұрыс күтімі
Тісті күнделікті тазалап жүргеннің өзінде тісжегі (кариес), қызыл иектің қабынуы мен жағымсыз иіс мәселелері туындауы мүмкін. Бұған себеп – ауыз қуысы гигиенасына дұрыс мән бермеу, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Ең жиі кездесетін тіс ауруларының бірі – тісжегі. Дәрпігерлер «тіс құрттауының» алдын алу, дұрыс тазалық дағдылары және тіс дәрігеріне тұрақты тексеріліп тұрудың маңызды екенін айтады.
Тісжегі — тіс эмалінің бұзылуы. Аурудың алғашқы сатысында айқын белгілері байқалмауы мүмкін. Бастапқыда тек жеңіл ауыру немесе жайсыздық сезімі арқылы байқалады. Егер дер кезінде назар аудармаса, ауру асқынып, пульпитке, яғни тіс түбірінің іріңдеуіне әкелуі мүмкін. Ал бұл ұзақ әрі күрделі емдеуді талап етеді.
Маманның айтуынша, кариес көбінесе 15 пен 35 жас аралығында жиі кездеседі. Тісті емдеген соң да, қайталанбас үшін күнделікті дағдылар мен өмір салтын қайта қарау қажет.
Тісжегіден сақтанудың ең тиімді жолы — ауыз қуысының күнделікті дұрыс күтімі. Дәрігер кешкі уақытта, ұйықтар алдында міндетті түрде тіс тазалауға кеңес береді. Бұл тағам қалдықтары мен зиянды бактерияларды жояды.
Тіс тазалаудың негізгі ережелері:
«Егер таңдауда үш түрлі щетка тұрса, мен жұмсақ щетканы таңдауға кеңес беремін. Орташа қатты щетканы тек қызыл иек сау болғанда ғана қолдануға болады», — дейді тіс дәрігері Арам Давидян.
Тіс дәрігеріне уақытылы қаралыңыз
Көп жағдайда адамдар тек тіс ауырғанда ғана дәрігерге жүгінеді. Алайда бұл – үлкен қателік. Мамандар әр алты ай сайын профилактикалық тексерістен өтуді ұсынады. Бұл — кариесті ерте анықтап, ауыр асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді.
«Кариестің белгілері онша көп емес. Көбіне ол тек сәл жайсыздық немесе жеңіл ауырсыну арқылы білінеді. Бірақ солай екен деп, дәрігерге бармай жүруге болмайды», — дейді стоматолог.
Сондай-ақ қышқыл тағамдар мен сусындар тіс эмалін әлсіретеді. Сондықтан оларды тұтынған соң бірден тіс жуудан аулақ болу керек. Ең дұрысы — кем дегенде 30 минут күтіп барып тазалау.
Дереккөз: «Радио 1» арнасы
Оқи отырыңыз: Жазғы жидектен не дайындауға болады және қалай тұтыну керек