|
10.02.2024 | 14:15
7053

Түркістан облысында бәйшешек гүлдеді

Оңтүстік өңірлерде көктемнің нышаны біліне бастады

Түркістан облысында бәйшешек гүлдеді Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ауа райы күрт жылынып, Түркістан облысында бәйшешек гүлдеп жатыр. Алғашқы гүлдер табиғаты ерекше қорғауға алынған ұлттық парктердің аумағында байқалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ қала мен ауыл аймақтардағы гүлзарларда өсіп шыққан. Табиғат қорғаушылар бұл құбылысты күн райының жылынуынан болған қалыпты жағдайға балап отыр.

- Қазір Оңтүстік өңірлердің барлық аумағында бәйгешек гүлдеп жатыр. Бұл көктемнің алғашқы белгісі деп білеміз. Биыл күн райы жылы болғандықтан қаңтар айында бәйшешек бүр жарды. Енді жақын арада қызғалдақтар ашыла бастайды. Бәйшешек суыққа бейімделген гүл. Қар жауып, күн суытып жатса, үсіп қалмайды. Тіршілігін жалғастыра береді, - деді «Сырдария-Түркістан» МӨТП-нің ғылыми қызметкері Ғани Назарбек.

Оқи отырыңыз: Мұздатқышта қандай тағам түрлерін сақтауға болмайды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир